ҚХЛ. "Барыс" – "Адмирал". Матч алдында.
14 қазан

 "Барыс" қысқа көшпелі сериядан кейін үйге қайта оралуда. Дүйсенбіде біздің команда "Барыс Аренада" "Адмиралды" қарсы алады. Алдағы кездесуде "Барыс" қатарынан төрт жеңістен тұратын сериямен келіп отыр. Жұма күні Новосибирскіде "Барыс" жергілікті "Сібірді" жеңіп шықты – 2:0. Корбэн Найт пен Аркадий Шестаков голдардың авторлары болды. Қазақстандық үшін бұл ҚХЛ-дағы алғашқы гол. Бұдан басқа, Лигада алғашқы есепке алынбаған матчты 24 соққыға тойтарыс берген Эдди Паскуале жүргізді. ҚХЛ-да бірінші ұпайды Шестаковқа көмекке келген жас шабуылшы Максим Мусоров алды. Шығыс конференциясы кестесінде "Барыс" 15 матчтан соң 22 ұпаймен 3-орынды алып отыр. Жарақат алғандардың тізімінде  – қорғаушылар Виктор Сведберг пен Валерий Орехов, шабуылшы Дастин Бойд.

"Адмирал" төрт матчты құрайтын белсенді жеңіс сериясы бар Қазақстанға келді. Сенбіде Сергей Светловтың командасы Челябинскіде булиттер сериясында жергілікті "Тракторды" – 3:2 есебімен жеңіп шықты. Бірінші кезеңде Александр Осипов пен Мартин Бакош бір-бір шайбадан соқты. Матчтан кейінгі лақтыру сериясында жеңіс буллитін Олег Ломако жүргізді. Қақпашы Антон Красоткин 36 соққыға тойтарыс берді, сондай-ақ булиттер сериясында қарсыластың барлық лақтыруын қағып алды. Шығыс конференциясының кестесінде "Адмирал"  16 ойында 20 ұпай жинап, алтыншы орынды алып отыр. Жарақат алғандар тізімінде – қорғаушы Александр Угольников. Бұл ағымдағы маусымда "Барыс" пен "Адмирал" арасындағы үшінші матч – алдыңғы кездесулер қиыр шығыс командасына қалдырылды (3:1, 3:0). 
 
"Барыс Аренада" матчтың басталуы астана уақыты бойынша 19:30-да.
Qazsport және ХЛК-ТВ тікелей трансляциясы.
Жанкүйерлер үшін аренаға автобустар ұйымдастырылған. Ұтыстар мен билеттер туралы ақпарат
 мына жерде қолжетімді.
Fonbet – «Барыс» ХК ресми букмекерлік компаниясы алдағы матчқа келесі коэффициенттерді ұсынады: П1 - 1,67 | Х - 4,10 | П2 - 4,70. Сілтеме бойынша толығырақ 


«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ.
 

Бөлісу: