ҚХЛ. Автомобилист - Барыс - 1:2
28 қараша

«Барыс» пен «Автомобилист» ағымдағы тұрақты чемпионатта үшінші матчты өткізді. «Барыс» командасының  құрамы Магнитогорскідегі жеңісті матчтпен салыстырғанда өзгеріссіз. Қазақстан астанасындағы екі ойын да негізгі уақыт шеңберінен шықты, Екатеринбургтегі ойын да аса ерекшеленбеді. Аркадий Шестаков голына алаң иелері  кездесу соңына қарай Ефим Гуркиннің шайбасымен ұпай қайтарды. Овертаймда Линус Виделль екі күн бұрынғы сияқты «Барысқа» жеңіс әкелді. Команда елге оралды.1 желтоқсанда минскілік «Динамоға» қарсы мерекелік матч өтеді. Ойынның басталуы 17: 00-де.

Автомобилист – Барыс – 1:2 (0:1, 0:0, 1:0, 0:1)

0:1 Шестаков (Михайлис, Орехов) 18:29
1:1 Гуркин (Голышев, Холланд) 50:54 ГМ
1:2 Виделль (Найт) 63:32


Қақпашылар: Коварж – Паскуале
КРК Уралец. 5100
көрермен.  

 

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самрұк Қазына» ҰӘҚ

 

 

Бөлісу: