ҚХЛ. Антон Сагадеев Барысқа оралды
14 қараша

«Барыс» хоккей клубы Қазақстан құрамасының шабуылшысы Антон Сагадеевпен келісімшарт жасалғанын ресми түрде хабарлайды. Екіжақты келісім ағымдағы маусымның соңына дейін (2022 жылғы 30 сәуірге дейін) күшінде болады.

Антон мансабының көп бөлігін «Барыста» ойнап, онда ол 250-ге жуық матч өткізді. Орталық шабуылшы ағымдағы маусымды «Локомотивте» бастаған еді. Ярославль командасының құрамында Сагадеев сегіз кездесуде мұз айдынға шығып, бір нәтижелі паспен көзге түсті.

Спортшы Нұр-Сұлтан қаласы командасының орналасқан жеріне келді. Ол командамен жақын арада қонақ ойындарға барады деп күтілуде.

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Бөлісу: