ҚХЛ. Плей-оффтың басталуына дейін 6 күн
23 ақпан
«Металлург» пен «Барыс» арасындағы ширек финал сериясының басталуына дейінгі кері санақты жалғастырамыз.
6
«Барыс» командасының қазіргі құрамынан 6 адам плей-оффта «Металлургпен» бақталастықтың бай тәжірибесіне ие. Никита Михайлис, Егор Петухов және Роман Старченко соңғы екі маусымда барлық 11 матчқа қатысып үлгерді. Кертис Волк, Антон Сагадеев және Егор Шалаповтың 8 ойыннан өткізген. Магнитогорск қаласының ұжымымен болған осы кубоктық кездесулерде ең көп ұпай жинаған Сагадеев, оның есебінде 3 шайба және 1 нәтижелі пас бар.
Линден Вей ағымдағы маусымда «Барысқа» оралған сәттен бастап 6 гол соғып, өз серіктестеріне 6 рет нәтижелі пас берген.
«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ