КХЛ. Плей-оффтың басталуына дейін 10 күн
19 ақпан

«Металлург» пен «Барыс» арасындағы ширек финал сериясының басталуына дейінгі кері санақты бастаймыз.

10

Бұл санмен екі команданың жарқын екі жұлдызы байланысты. Никита Михайлис тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша мансабында алғаш рет «Барыстың» үздік сұрмергені атанды. Шабуылшы осы маусымда қазақстандықтардың басты қозғаушы күші болып табылады және ҚХЛ-дың ең нәтижелі ойыншыларының топ-5 құрамына бекер кірмеген.

«Металлургтің» басты «ондығына» арнайы таныстырулар қажет емес. Сергей Мозякин Магнитогорск жанкүйерлерін он маусым бойы қуантты және өткен жылы өзінің үлкен мансабын аяқтады. ҚХЛ тарихындағы үздік бомбардир басқа ойыншылар үшін әзірге қол жетімсіз бірқатар рекордтар орнатты және қазір көптеген жас хоккейшілер үшін тамаша үлгі болып табылады.

Қызықты жайт – мансабының басында командадағы серіктестер Никита Михайлисті «Мозяка» деп жиі атайтын.

Бөлісу: