Иван Верещагин «Барыспен» келісімшартты ұзартты
26 сәуір

Шабуылшы Иван Верещагин «Барыстың» біліктілік ұсынысын қабылдап, клубпен келісімшартты ұзартты. Екі жақты келісімге екі жылға қол қойылды. 

2019-2020 жылдардағы маусымда Верещагин «Номад» және «Снежный Барс» командалары үшін ойнаған. ЖХЛ-да шабуылшы 36 матч өткізіп, нәтижелілігі үшін 5 (2+3) ұпай жинады. Жастар хоккей лигасындағы 11 кездесуде Иван өз активіне 11 (7+4) ұпай қосты.

«Барыс» ХК бас серіктесі-«Самұрық Қазына» ҰӘҚ АҚ 

Бөлісу: