Билеттер үшін ақша қаражатын қайтару туралы ақпарат
13 наурыз

Құрметті жанкүйерлер! Қазақстан Республикасында пандемия кезеңінде коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің 12.03.2020 жылғы №20 қаулысына сәйкес  17 және 19 наурызда "Барыс" хоккей клубының матчтары көрерменсіз өтеді.

Плей-оффтың екінші раундының алғашқы матчтарына сатып алынған билеттер үшін ақша қаражатын қайтару тәртібін жариялаймыз:

-Егере билеттер біздің tickets.hcbarys.kz сайтымыз арқылы сатып алынса, тегіңізді және тапсырыс нөмірін көрсетіп  tickets@hcbarys.kz e-mail адресіне еркін түрде хат жазуыңыз қажет.

- Егер сіз билеттерді арена кассаларынан сатып алсаңыз, ақшаны қайтару үшін сізге жеке куәлікпен және сатып алынған билеттермен аренаға келіп, кассалардың біріне барып, өтініш жазу керек.

-Егер сіз билеттерді ticketon.kz  немесе zakazbiletov.kz сайттары арқылы сатып алсаңыз, онда сайттың қолдау қызметіне жүгініп, ақшаңызды қайтару рәсімін анықтап алыңыз.

Бөлісу: