«Томирис» хоккейші қыздары Қазақстан құрамасында.
27 наурыз



«Томирис» командасының жеті хоккейші қыздары 1-Дивизионның «Б» тобында Әлем
Чемпионатына дайындалу үшін Қазақстан ұлттық құрамасына шақырылды.
Ұлттық құрама Алматы облысындағы «Ақ Бұлақ» базасында жиын жүргізіп жатыр.
«Томирис» тарапынан ойыншылар тізімінде: қақпашы Александра Полиенко,
қорғаушылар Фатима Китайбекова, Галия Нургалиева, шабуылшылар Пернеш Ашимова,
Арай Шегебаева, Дария Молдабай, Анастасия Оразбаева бар.
«Томирис» командасының бас бапкері Александр Тебеньков Қазақстанның ұлттық
құрамасының бапкерлер штабына кірді. Жиындар 3 сәуірге дейін болады. Бұдан соң
команда Қытайға жүреді. Әлемдік біріншілік Пекинде 6 сәуірден бастап 12 сәуірге дейін
болады.

Бөлісу: