ХЕНРИК КАРЛССОН: ОЙНАҒЫМ КЕЛГЕН КОМАНДАЛАРЫҢ БІРІ - «БАРЫС» БОЛАТЫН
04 шілде

«Барысқа» жаңадан алынған қақпашы Хенрик Карлссон, бүгін команда сапына қосылып, клубтың баспасөз-қызметіне алғашқы сұхбатын берді.

- «Барысқа» қош келдің! Өзіңді қалай сезініп жатырсың?

- Рахмет, бәрі тамаша. Осында келгеніме өте қуаныштымын. Және маусымның басталуын тағатсыздана күтіп жүрмін. Алда тұрған жұмыстарға дайынмын.

- «Барыстың» жасаған ұсынысына ұзақ ойландың ба?

- Мен бұл жерде болғанмын, ойнағанмын. Сондықтан қайда бара жатқанымды білдім. Астана өмір сүруге қолайлы әсем қала. «Барыстың» заманауи әдемі аренасы бар. Демек бұл жерде ойнаудың өзі рахат. Және ҚХЛ өнер көрсететін мықты командалардың бірі. Өткен жылы Астана плей-офф кезеңіне өте алмай, маусымды сәтсіз аяқтады. Осында ойнау мен үшін үлкен сынақ. Бізге команданы плей-оффқа шығарып, бірнеше кезеңнен өту керекпіз. Осы ретте мен команданың алдына қойған тапсырманы орындалуына пайдамды тигізгім келеді. Маған ұсыныс түскен кезде ойланбастан оны қабыл алдым. Өйткені мен ойнағым келген командаларың бірі осы «Барыс» болатын.

- «Йокерит»  сапында сен «Барысқа» қарсы екі рет ойнадың ғой.

- Ия, Астанада өткен ойында ұтылып, өз жерімізде жеңген едік. Не айтамын? Жақсы команда. Осы жылы біз үздік шығып, алға қарай зор қадам жасаймыз деген үмітім бар.

Бөлісу: