"Барыс" БЖСМ маусымды аяқтады
20 мамыр

20 мамырда "Барыс-Аренаның" жанында "Барыс" ХК балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің кезекті маусымының жабылу салтанаты өтті. Іс-шарада өткен спорттық жылдың қорытындысы шығарылды.

Жабылу рәсіміне "Барыс" президенті Борис Иванищев, БЖСМ директоры Алексей Мамонтов, танымал қазақстандық хоккейші Александр Корешков, сондай-ақ "Барыс" командасының қорғаушысы Валерий Орехов қатысты.

Көптеген көрермендер мен қонақтар дәстүр бойынша әр жастағы командаға, сондай-ақ ерекше көзге түскен спортшыларға құрмет көрсетті. 2002 және 2003 жылы туылған ойыншылар спорт шеберіне үміткер атағын алды.

Ерекше назар 2001 жылғы хоккейші мектеп түлектеріне аударылды.Осы жылы балалар игілікті дәстүрдің негізін қалаушы болып– олар өсіп келе жатқан буыннан  хоккей антын қабылдап, ағаш отырғызды. Естеріңізге сала кетейік, өткен маусымда осы жастағы ойыншылар Гренобльде өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанып, Қазақстан жастар лигасының дебюттік чемпионатында екінші орынды иеленді, ал кейбіреулері Канадада өткен жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысты.

Іс-шараның салтанатты бөлімі би флешмобымен аяқталды.

"Барыс" ХК бас серіктесі – "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ. 

Бөлісу: