ДАСТИН БОЙД: «БАРЛЫҒЫ ӨЗ ҚОЛЫМЫЗДА»
03 желтоқсан

«Барыс» командасының форварды Дастин Бойд  жарақаттан кейін ойын ырғағына келу үшін уақыт  қажет екендігін «Р-Спорт» агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді. Үш жарым айдан кейінгі үзілістен соң айдынға қайта оралған шабуылшы бес кездесу өткізді. Осы ойындарда Бойд бір де бір ұпай жинамады және пайдалы ойыншы ретінде «минус бес» көрсеткішімен шектелді.

«Спорттық карьерамда жарақат алып, ұзақ уақыт ойыннан шет қалып тұрғаным осы. Қалыпқа келіп, ойын ырғағын сезіну үшін маған уақыт қажет. Әзірге жақсы ойын  көрсете алмай жүргенім белгілі. Маған гол соғу керек. Қазір қарқынды үдетуге тырысудамын. Соңғы екі ойында  Брэндон Боченски мен Найджел Доуспен жұптастым.  Әрине, олармен тізе қосып қимылдаған жеңіл».

Қазір «Барыс» Шығыс конференциясында оныншы орында. Алайда жоғалтқан ұпай бойынша плей-офф аймағына кіріп тұр. «Біз плей-офф аймағындамыз. Сондықтан барлығы өз қолымызда. Ендігі ойындарда қажетті ұпайды жинау керекпіз. Сырт жердегі екі ойынды жеңіліспен бастадық. Келесі Ярославл, Екатеринбург пен Ханты-Мансийскіде өтетін үш ойынды жеңу керекпіз» - дейді Бойд. 

Дереккөз: rsport.ru

Бөлісу: