ДАСТИН БОЙД: «КАНАДА?! ӘРИНЕ ҚАЗАҚСТАН!»
17 сәуір

Хоккейден Қазақстан құрамасына орталық шабуылшы жетіспейді. Осы олқылықтың орынын толтыру үшін ұлттық команда сапына алынған Дастин Бойд әлем чемпионатына барады. ҚХЛ үздік орталық шабуылшы атанған хоккейші Sports.kz интернет-прорталының тілшісіне додаға дейінгі дайындығы мен алдағы турирден не күтетіндігін айтып берді.

- Дастин, өзіңді қалай сезініп жүрсің?

- Тамаша!

 -  Демалысты қалай өткіздің?

- Канадаға барып, демалысымды отбасыммен бірге өткіздім. Жаттықтығып, тынықтым. Ешқайда қыдырып барған жоқпын. Тек үйде отбасының жанында уақыт өткіздім.

 - Демалыстан кейін жаттығу жиыны оңай емес шығар?

- Мен үйге оралған кезде өзімнің жеке бапкеріммен жаттығуды үзбей жалғастыра беремін. Ал бұл жердегі дайындық тіптен бөлек. Бұлшық етке түсетін жүк көп. Мұзда көп жаттығамыз, залдағы және велосипедтегі дайындықтар бар. Тіпті маусым бойы дәл мұндай көп жүктеме болмайды. Қалыпты сырғануға келу үшін тағы екі күн керек. Жаттығулар қысқа дегенмен өте қарқынды.

-   Әлем чемпионатына Доус және Боченскимен барасыз ғой?

- Мен Қазақстан құрамасы сапында әлем чемпионатына қатысатындығыма өте қуаныштымын. Оның үстіне біз толық топ болып барғалы отырмыз. Бірнеше маусым бойы бірге ойнағандықтан біздің түйін бір-бірін жақсы түсінеді. Сондықтан алдағы турнирден дәмеліміз.

-  Алайда өзге ойыншылар ұлттық құрама сапына ілінетін мүмкіндіктен айрылып қалды ғой?

- Ия, жағдай солай болып тұр. Біз ұлттық құраманың жеңісті ойындары көбірек болуына көмектескіміз келеді. Жанкүйерлер де өз елінің құрамасымен мақтана алса дейміз.  

- Бұрындары маусым аяқталысымен демалыс басталып кететін. Ал биыл алғаш рет Қазақстанға ерте келіп жаттығу жиынына қосылдың. Үйреншікті емес шығар?

- Бұл тіпті жақсы. Қалыпқа келуге тамаша мүмкіндік. Әлем чемпионаты деген ауқымы кең шара ғой.  Сондықтан әлем назары ауған додада тобымыздағы барлық командаларға тосқауыл қойып, қолдан келгенді аянып қалмауға тырысамыз.  

- Канадаға қарсы ойын бола ма?

- Ешкім білмейді. Бірақ барлығы мүмкін.

- Мәскеуде біздің құраманың жеңіске жету мүмкіндігін қалай бағалайсың?

- Жаман емес. Әрбір қарсылас осал болмайды. Дегенмен де ол жердегі командалардың көбін ұтып алуға мүмкіндік бар. Ең бастысы жаттығуды жалғастыра беру керек. Турнирдің уақыты келгенде біз жүз пайызға дайын боламыз.

- Қарсыластарды көрдің бе?

- Ия, қарсыластарымызды білемін. Барлығы да мықты, табынды ойынайтын командалар. Алайда біз де осал емеспіз. Сондықтан, бірнеше кездесуді жеңіп алатын шамамыз бар.

- Сіздердің топтарыңыз Ресей қақапасына гол соғады деген ой бар ма?

- Мен де солай болады деп үміттенемін. Ресей – мықты команда. Олардың құрамында ҰХЛ өнер көрсететін ойыншылар көп. Алайда біз үшін ол тамаша бақылау боламақ.

- Кім чемпион атанады? Канадалықтар ма?

- Канада?! Әрине Қазақстан!

Дереккөз:  Sports.kz 

Бөлісу: