Бойд және Орехов жарақат алды
23 қыркүйек

"Барыстың" ойыншылары Дастин Бойд пен Валерий Орехов жарақат алды.
Шабуылшы Алматыда "Трактормен" өткен матчтың жүрісі бойынша зақым алды. Бойд жарақаттанған ойыншылар тізіміне орналастырылды, команданың таяудағы матчтарын өткізіп алады.
Өз кезегінде, Орехов жаттығу барысында жарақаттанды. Сондай-ақ қорғаушы да жарақаттанған ойыншылардың тізіміне орналастырылды және тұрақты чемпионаттағы жақын арада болатын ойындарды өткізіп алады.
Сонымен бірге, КХЛ сайтында жарақаттанған ойыншылар тізімінен шабуылшы Кёртис Волк шығарылды.

Бөлісу: