Барыс-2011 ҚРЧ бастапқы турында жеңіске жетті
21 қазан

Өскеменде "Мықтылар" тобында 2011 жылы туған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатының бірінші туры аяқталды. Осы жаста "Барыс" БЖСМ екі ұжымнан құралады.

"Барыстың" алғашқы құрамы негізгі уақытта барлық тоғыз матчта жеңіске жетіп, 27 ұпай жинап, турнир кестесін сенімді басқарды. Сондай-ақ, астаналық команда бастапқы турдың қорытындысы бойынша ең нәтижелі болды - 99 тасталған шайба. Көшбасшылар үштігінде "Торпедо" (22 ұпай) және "Астана" (10 ұпай) орналасты.

"Барыстың" екінші командасы бес ойында (15 ұпай) жеңімпаз атанып, турнир қорытындысы бойынша бесінші орынға ие болды.

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

"Барыс" ХК серіктесі - "Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры" КҚ

Бөлісу: