Барыс 2011 - «B» тобындағы 2010 жылғы ойыншылар арасындағы «Федерация Кубогының» жеңімпазы!
01 мамыр

Ақтөбеде жарыстың ақтық төртінші туры өтіп, үздік үштікке «Барыс», «Тұран» және «Рақымжан» командалары кірді.

Төрт турдың қорытындысы бойынша «барыстар» ең көп ұпай жинап, «Федерация Кубогының» алтын жүлдегерлері атанды.

Күміс медальдар шымкенттік «Тұранның» еншісінде.

«Рақымжан» командасы қола медальдердің иесі атанды.

Амплуа бойынша үздік ойыншылар:
«Үздік шабуылшы» - Александр Ким (Тұран)
«Үздік қорғаушы» - Ерсұлтан Абзалбеков (Барыс-2011)
 «Үздік қақпашы» - Арина Павловская (Ақтөбе).

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Бөлісу: