"Барыса" аңыз иелерімен автограф-сессия
30 қараша

1 желтоқсан күні А10 секторы ауданында Барыс-Аренада минск "Динамо"-мен болатын матч алдында "Барыс" аңыз иелері – Александр Корешков, Виталий Еремеев, Фёдор Полищук, Кевин Даллмэн, Брэндон Боченски және Талғатом Жайлауовпен автограф-сессия өтеді.

Автограф-сессия 14:00-да басталып, бір жарым сағатқа созылады, 15:30-да хоккейшілер автографтарын таратып болып, мерейтойлық матчтың ашылу салтанатына дайындалуға кетеді.

Барыс-Аренаның есігі 13:30 бастап ашық.

Автограф-сессия қатысушылары туралы қысқаша ақпарат


Александр Геннадьевич Корешков


Туған күні: 1968 жыл 28 қазан

«Барыс» үшін өнер көрсеткен кезеңі: 2008 – 2010

«Барыс» үшін жалпы 28 ұпай (11 гол және 17 шайба шығару) жинаған 96 матч өткізді.

2010 жылы Құрлықтық Хоккей Лигасы Александр Корешковты «Хоккейге сіңген еңбегі үшін» сыйлығымен марапаттады.

Қазақстан құрамасының құрамындағы І дивизионның екі дүркін әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының қатысушысы.

Қазіргі кезде: ҚХФ-ғы ұлттық құрамалардың жетекшісі (Қазақстандық хоккей федерациясы)

Виталий Михайлович Еремеев


Туған күні: 1975 жыл 23 қыркүйек

2005 жылы Ресейдің үздік қақпашысы.

«Барыс» үшін өнер көрсеткен кезеңі: 2010-2014

«Барыс» үшін 133 матч өткізді.

2013 жылғы ҚХЛ жүйелі чемпионаты матчында Еремеев «Сибири» қақпасына голдың авторы болды. Бұл қазақстандық қақпашылар үшін Лига тарихындағы жалғыз гол.

Қазақстанның құрамасында 1994 жылы дебютке шықты – бұл «С» дивизионында әлем чемпионаты болды. Спортшы мансабының соңына қарай әлемдік чемпионат – жеті, Олимпиада – екеу (Наганода құрама ширек финалда Канада командасынан ұтылды).
Еремеевтің үздік матчы Ресей құрамасына қарсы Туриндегі Олимпиада ойындарындағы ойын болды, онда Еремеев 39 шайба соққысын жасады, ал Қазақстан 0:1 есебімен көршілеріне есе жіберді.

Қазіргі кезде: «Динамо Мск» ҚХЛ командасында қақпашылар жаттықтырушысы.

Фёдор Васильевич Полищук


Туған күні: 1979 жыл 4 шілде

«Барыс» үшін өнер көрсеткен кезеңі: 2010-2015

«Барыс» үшін жалпы 45 ұпай (18 гол және 27 шайба шығару) жинаған 261 матч өткізді.

Қазақстанның құрамасында І дивизионы үш дүркін әлем чемпионы.

Қазіргі кезде: «Барыс-2002» командасының жаттықтырушысы.

Николай Антропов


Туған күні: 1980 жыл 18 ақпан

«Барыс» үшін өнер көрсеткен кезеңі: 2012-2015

«Барыс» үшін жалпы 69 ұпай (19 гол және 50 шайба шығару) жинаған 118 матч өткізді.

Туриндегі Олимпиада-2006, 1998 және 2014 жылдардағы таңдаулы топта әлем чемпионаттарының қатысушысы.

Қазіргі кезде: «Торонто Мэйпл Лифс» ҰХЛ клубы жүйесінде жұмыс істейді

Кевин Даллмэн

Туған күні: 1981 жыл 26 ақпан

«Барыс» үшін өнер көрсеткен кезеңі: 2008-2012, 2014-2019

«Барыс» үшін жалпы 362 ұпай (116 гол және 246 шайба шығару) жинаған 514 матч өткізді.

2009 жылы Кевин Даллмэн бұған дейін аты аңызға айналған хоккейші Вячеслав Фетисовке тиесілі болған, Ресей Чемпионатының бір мауысымы шеңберінде қорғаушылар үшін нәтижеліліктің жаңа рекордын орнатты.
2009 және 2012 жылдары амплуасы бойынша Чемпионаттың үздік хоккейшілері – символды маусым құрамасының құрамына қосылды.
2012 жылы ҚХЛ қорғаушылары арасында үздік бомбардир болды.
Қазақстан құрамасының құрамында І дивизионы 2015- әлем чемпионы атанды

Брэндон Боченски


Туған күні: 1982 жыл 4 сәуір
«Барыс» үшін өнер көрсеткен кезеңі: 2010-2017, 2018-2019

«Барыс» үшін жалпы 444 ұпай (179 гол және 265 шайба шығару) жинаған 455 матч өткізді.
2011/12 маусымында жүйелі чемпионата барлығынан көп шайба лақтырып (27) ҚХЛ-да үздік снайпер болды.

ҚХЛ Жұлдыздар матчына екі мәрте қатысты. 2015 және 2016 жылы «Барыстың» үш шабуылшысы - Боченски, Бойд, Доус ҚХЛ маусымының ҮЗДІК ҮШТІГІ деп танылды (Жүйелі чемпионатты ең көп шайба тастаған ең нәтижелі шабуылшылар үштігі)

Қазақстанның құрамасында Қазақстанның астанасында 2019 жылы өткен І дивизионында әлем чимпионы болды.

Қазіргі кезде: АҚШ-та бизнеспен айналысады.

Талғат Жайлауов

Туған күні: 1985 жыл 7 шілде

«Барыс» үшін өнер көрсеткен кезеңі: 2008-2018, 2019-қазіргі дейін.

«Барыс» үшін жалпы 180 ұпай (75 гол және 105 шайба шығару) жинаған 418 матч өткізді.

2014 жылы ҚХЛ жұлдыздар матчына қатысқан.

Қазақстанның құрамасында І дивизионы төрт дүркін әлем чемпионы.

 

 

 

 

Бөлісу: