Антон Сагадеев ҚХЛ-да 300 матч өткізді
02 қараша

Кеше «Сібірге» қарсы өткен ойын Антон Сағадеев үшін Құрлықтың хоккей лигасында 300-ші матч болды. Ол ойындардың 292-ін Қазақстан құрамасының шабуылшысы «Барыс» құрамында өткізді.

Осы уақыт ішінде форвард мұзда орташа есеппен 12 жарым минуттан өткізіп, 64 (31+33) ұпай жинады. Оның еншісінде 101 күштік тәсіл мен 125 бұғатталған соққы бар.

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Бөлісу: