Андрей Скабелка ҚХЛ-да 200-ші жеңісіне қол жеткізді
29 қараша

Екатеринбургтегі "Автомобилист" жеңісі ҚХЛ клубының бас жаттықтырушысы ретінде Андрей Скабелка үшін 200-ші жеңіс болды.

Андрей Владимирович  ҚХЛ клубының бас жаттықтырушысы қызметіне 2014-2015 жылдардағы маусымда кірісті. Сол кезде ол үш маусым бойы  "Сібірді" басқарып келген болатын. Скабелка дебюттік матчын 2014 жылғы 6 қыркүйекте өткізді, онда "Сібір" новокузнецкілік "Металлургті" 6:1 есебімен жеңген.

Новосібір ұжымының бас жаттықтырушысы ретінде Скабелка барлығы 115 рет жеңіске жетті. Тағы 25 сәтті ойын Омбылық "Авангардта" 2017-2018 жылдардағы маусымда өтті.

Өткен маусымда Андрей Владимирович "Барыс" командасының басшылығына келіп, содан бері оның басшылығымен команда 60 жекпе-жекті жеңіп алды.

"Барыс" ХК бас серіктесі - "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ

Бөлісу: