Александр Высоцкий: «Біз «Номад» құрамынабұдан былай да клуб құрамындағы тәрбиеленушілерді тартатын боламыз»
26 маусым

- Александр Анатольевич, жаңа лауазымыңызбен құттықтаймыз! Қазіргі уақытта жаттықтырушылар штабына кім кіретіні белгілі ме?

- Рахмет. Маған Павел Валентинович Глотов пен Павел Павлович Бессонов көмектесетін болады. Олар біздің клуб құрамында бұрыннан жұмыс істейді және жұмыс туралы барлық қажетті сәттерді біледі.

- Команда демалыстан қашан шығады? Қазірдің маусымалды қандай жоспарлар бар?

- Команда жиналысын 6 шілдеге жоспарладық. 7 және 8 күндері барлығы медициналық тексеруден, 9-10 шілдеде – тестіден өтеді. Әрі қарай 11 күні «Барыс Аренада» оқу-жаттығу жиындары басталады. Шілде айының соңы-тамыз айының басында  Нұр-Сұлтанда өскемендік «Торпедо» командасымен, Қарағандыда  «Сарыарқа» командасымен екі бақылау кездесуі жоспарланды. Тамыз айының соңында қолайлы эпидемиологиялық жағдай болы жатса, Түмендегі маусымалды турнирге қатысамыз. Бұл тек жоспарлар екенін атап өткім келеді. Біз пандемия жағдайы одан әрі қалай болатынын білмейміз.

- Өткен маусымда «Номад» клуб құрамынан көптеген жас ойыншыларды жаттығуларға және ойындарға қосты. Бұл үрдіс алдағы маусымда да жалғаса ма?

- Әрине, біз бұдан былай да «Номад» құрамына клуб құрамынан өз тәрбиеленушілерімізді тартатын боламыз. Өткен маусымдағы сияқты біздің команданың бірінші кезектегі міндеті «Барыс»үшін жас және болашағы зор балаларды дайындау болмақ.

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Бөлісу: