АЛЕКСАНДР КОЖЕВНИКОВ: «БОЙДТЫҢ ЖАРАҚАТ АЛУЫ КЛУБ ҮШІН ДЕ, ҚҰРАМА ҮШІН ТИІМСІЗ»
08 тамыз

Олимпиаданың екі дүркін чемпионы, Ресейдегі ең мықты хоккей сарапшысы Александр Кожевник, маусымалды ойындардағы жарақат жайында пікірін білдірді.

- Осы күндері мұз айдынындағы жұмыс қызып тұр. Жетекші ойыншылар тобынан – мысалы, «Барыс» сапынан Бойд, «Сібірден» Мишарин, «Спартактан» Калинин жарақатына байланысты біраз уақытқа дейін қатардан шығып қалып отыр.

- Сөз жоқ. «Барыстағы» солтүстік америкалық легионердің ауыр жарақатпен қатардан шығып қалуы, клуб үшін де, Қазақстан құрамасы үшін де тиімсіз. Өйткені алда олимпиадалық іріктеу ойындары тұр.

Дегенмен де мықты командалар бір ойыншыға қарап қалмауға тиіс емес. Сондықтан қазақстандық клубтың бапкерлер құрамы командаға түсетін салмақты екшеп, кадрлық шешімді дұрыс қабылдауы керек. Орта шепте ойнайтын Бойдтың орнын Боченски алмастыруы мүмкін деп естідім. Осы әдіс қалай болатындығы қызықтырып отыр.

- «Барыс» Қазақстан Президенті Кубогындағы бірінші ойында Бойдқа жарақат жасаған қытайдың «Куньлуню» командасынан кек алады ма?

- Бұл расымен де қызық сұрақ екен. Оған менде берер жауап жоқ. Меніңше «Барыс» команда лидерін қатардан шығарып тастаған қарсыласын ұмыт қалдыра қоймас. Сондықтан, қазақ-қытай командалары арасындағы ойын тартысқа толы болады деп ойлаймын.

Дереккөз: Russia-Hockey.ru

Бөлісу: