Александр Истомин - «Снежные Барсы» командасының бас бапкері
26 маусым

«Снежные Барсы» командасының бас бапкері лауазымына Александр Истомин тағайындалды.

Александр Анатольевич «Барыс» құрамында 2018 жылдан бастап жұмыс істейді. Бұған дейін ол тоғыз маусым бойы Қазақстанда төрт рет чемпион болған  атыраулық «Бейбарыс» командасының тәлімгері болды. Өткен маусымда Истомин бас жаттықтырушы ретінде қазақстандық «Жастар» лигасында өнер көрсететін «Барыс»жастар командасына алтын медальға алып берді.

«Снежные Барсы» бапкерлер штабы кейінірек жарияланатын болады.

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Бөлісу: