Арена

Спорттық және мәдени-бұқаралық шаралар өткізу жөнінде арена әкімшілігімен

мына телефон арқылы байланысуға болады +7 (7172) 61 34 41 

немесе хат жолдау: mld-barys@yandex.kz

 

 «Барыс» үйдегі кездесулерін өткізетін арена – бұл көпфунцияналды спорттық кешен. Онда спорттың әр түрінен жарыс ұйымдастырудан бөлек, үлкен концерттер мен формдар және басқада шараларды өткізуге болады.

11.000 көрерменге арналған мұз сарайын  аз уақыттың ішінде баскетбол, волейбол немесе шығын футбол алаңына айналдырып жіберуге болады. Тіпті ринг құрып бокс кеші мен сахналық алаң жасауға да келеді.  

Сонымен қатар спорт кешенінде FINA ережесіне сай ұзындығы 50 метр, ені 25 метр, 10 жолақтан тұратын Олимпиадалық жүзу бассейні орналасқан. Онда суға секіру мұнарасы мен трамплиндер талапқа сәйкес жасалған. Аренада синхронды жүзу, суға секіру, малтудан және су добынан халықаралық деңгейдегі жарыстар өткізуге болады. 

Жаңа аренадағы алғашқы ресми жарыс – Қазақстан Республикасы Президенті Кубогы болды. Ол жарыста «Барыс» жеңімпаз атанды. 

Аренада өткен алғашқы ең ірі спорттық емес шараның бірі ол Қазақ Хандығының 550-жылдығын тойлауға арналған ауқымды жиын.