Хоккейлік отбасы Наурыз мейрамын атап өтуде.
21 Наурыз 2024

Хоккейлік отбасы Наурыз мейрамын атап өтуде.

DSC_5009.jpg

Бүгін Астана қаласы Нұра ауданының әкімдігінің ұйымдастыруымен Орталық саябақта Наурыз мейрамы аталып өткен болатын.

DSC_4977.jpg

Іс-шараға “Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры” демеуімен "Барыс" хоккей клубының өкілдері қатысты.

Астана қаласының тұрғындарын және қонақтарын осындай көктемнің жарқын мейрамымен Андрей Шутов, Тамирлан Гайтамиров, Әлихан Өмірбеков, Кирилл Савицкий, Аркадий Шестаков, Даниил Апальков, Алекс Грант, Дінмұхаммед Қайыржан, Евгений Рымарев, сонымен қатар “Снежный Барс”-тың өкілдері Семен Роев, Константин Морожников, Арыстан Әмірқанов, Владимир Коргачин және Марат Сағымбаев құттықтады.

DSC_5075.jpg

Сәлемдесуден кейін жанкүйерлерге арнап шағын викторина ойнатылып, естелікте қалатын сыйлықтар ұсынылды. Сондай-ақ, барлық қалаушылар қолтаңба алып қана қоймай, ойыншылармен естелік фотоға түсіп, «Барыс» атрибутикасына ие болды.

DSC_5329.jpg

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ



Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Швеция

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Латвия

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2