Бойтұмар

«Барыс» хоккей клубының бойтұмары – Барсик аталып жүрген «қар барысы».  Клуб құрылған жылға (1999) сәйкес олар 99-шы нөмірдегі свитерді киеді. 

Көңілді Барсик, клубтың кез-келген шарасын жағымды эмоциялар мен таусылмайтын көңіл-күйге бөлейді  көзі болып табылады.

Онсыз ойынды елестету мүмкін емес. Ол ойын шымылдығын ашып, хоккейшілерді қарсы алады. Әсіресе орнына жайғасқан жанкүйерлерді қуантады.

Барсик ҚХЛ жұлдызды Матчының тұрақты қатысушысы. Және де ол ең белсенді бірден көзге түсетін бойтұмар. Сонысымен ол жанкүйерлдерді қуантып, ойыншаларға серпін береді. Тіпті өз командасы үшін ұрыс-керіске де араласа алады.

Сонымен қатар Барсик хоккей спортының шебері. Сочиде өткен ҚХЛ жұлдызды Матчында ол буллит кезіндегі конкурста өзін барлық қырынан көрсетті. Оның керемет орындаған айып соққысы жеңіке жеткізді. Және соққан шайбасы ҚХЛ кәсіпқой хоккейшілерінің үздік 10 голдың қатарына кірді.

Барсиктің танымалдылығы сонша аренада оған арнайы мүсін орнатылды. Оны Casa Decori фирмасының шығармашылық ұжымы сыйға тартты. «Барыстың» жаңа үйінде тұрған мамықтай бойтұмар енді суретке түсетін ең танымал орынға айналмақ.