Әйелдер арасындағы ҚР чемпионаты. «Томирис» – «Торпедо» – 7:1.
27 ақпан



Алматыда әйелдер командалары арасындағы ҚР чемпионатының екінші туры басталды. «Томирис» командасы мини-турнирдің бірінші ойынында өскемендік «Торпедоны» 7:1 есебімен жеңді. Екінші кезеңнің ортасында Эльвира Даированың 90 секундтық интервалда жасаған дублі «Томирис» командасына бірінші үзіліске көшбасшылықпен шығуды қамтамасыз етті. Мунира Саяхатқызы екінші кезеңнің ортасында «Торпедоны» ойынға қайтарды, бірақ келесі ауысымда Дария Молдабайдың жеке шеберлігі біздің командамызға үшінші шайбаны сыйға тартты. Кезеңнің соңына дейін Арай Шегебаева есеп айырмасын үш голға дейін арттырды. Соңғы кезеңде «Томиристің» хоккейші қыздары қарсыластарының қақпасына тағы үш мәрте гол салды – Молдабай дубль жасады, сондай-ақ қорғаушылар Дарья Нитейская мен Александра Феклистова бір-бір шайбадан қосты. Александра Полиенконың қақпада тұрып көрсеткен ойыны мақтан тұтарлық, ол 27 шайбаның бетін қайтарды.
Ертең біздің қыздар тынығады, ал 1 наурызда алматылық «Жұлдыз» командасына қарсы ойнайтын болады.  

«Томирис» – «Торпедо» – 7:1 (2:0, 2:1, 3:0)

1:0 – Даирова (Шегебаева, Ашимова) 08:30
2:0 – Даирова (Шегебаева) 09:59
2:1 –Саяхатқызы 27:36
3:1 – Молдабай 27:57
4:1 – Шегебаева (Феклистова) 35:44
5:1 – Нитейская (Шаньшина, Нұрғалиева) 54:35
6:1 – Феклистова (Ашимова) 58:34 ГБ
7:1 – Молдабай (Пецевич) 59:01


Барлық матчтар Абай көшесі 44 мекенжайында орналасқан Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайының жаттығу мұз айдынында өтеді. Кіру тегін.

Бөлісу: