ҚРӘЧ. «Айсұлу» - «Томирис» – 6:3.
04 наурыз



Алматыда әйелдер арасындағы ҚР чемпионатының екінші туры аяқталды.
«Томирис» мини-турнирдің екінші матчында алаң иелерінен 3:6 есебімен жеңілді.
Чемпионаттың көшбасшысына қарсы ойын көрсеткен «Томирис» екі шайба
айырмасымен бірінші кезеңді аяқтады – Ғалия Нұрғалиева мен Александра
Феклистова әрқайсысы бір голдан соғып көзге түсті. Алайда екінші кезеңде айдын
иелері төрт рет соққыны голға айналдырды. Сондай-ақ үшінші кезең «Айсұлу»
пайдасына шешілді – Алексис Лакомбе хет-трик рәсімдеп, екі гол салды, Эльвира
Даирова есепті қорытындылады.
Осылайша чемпионат кестесінде «Томирис» 2 турдан (7 матч) кейін екінші орынға
жайғасты, «Айсұлу» командасы 6 ұпай артықшылығымен көш бастап келеді.
 
«Айсұлу» - «Томирис» – 6:3 (0:2, 4:0, 2:1)

0:1 Феклистова (Шегебаева) 02:28
0:2 Нұрғалиева 11:33
1:2 Свиридова 33:06
2:2 Алдабергенова (Кузьмина, Олжабаева) 35:05
3:2 Конышева (Тұрсынова, Королёва) 35:49
4:2 Лакомбе (Королёва, Конышева) 39:20
5:2 Лакомбе (Свиридова, Королёва) 52:41
6:2 Лакомбе (Кузьмина) 54:31
6:3 Даирова (Шегебаева) 54:53

Бөлісу: