Юрий Михайлис: "Қазір ең бастысы - психология"
12 ақпан

"Номад" бас бапкері Юрий Михайлис тұрақты чемпионаттың қорытындыларын жасады.

- Юрий Владимирович, тұрақты чемпионат аяқталды, бірақ сұхбатымызды біріншіліктің мәресінен бастасақ.

- Жазда біз көптеген турнирлер өткіздік және бұл біздің қателігіміз болды. Бұл чемпионаттың "Арлан" және "Құлагерге" қарсы алғашқы матчтарында бізге пайдасын тигізе қоймаған сияқты. Содан соң жігіттер жағдайды теңестіре бастады, өзара тіл табысып, былайша айтқанда өз "химияларын" тапты және ойын да өз арнасына түсе бастады.

- Өткен жазда "Номадқа" көшкен команданың жаңа мүшелеріне қандай баға бересіз?

- Андрей Рунов пен Кирилл Шмурыгинді атап өтуге болады. Олар чемпионатты жақсы өткізеді. Шмурыгин жиі гол соғады және команда көшбасшыларының бірі болып табылады. Маусым барысында Мадияр Ибрайбеков пен Евгений Королинский бізге оралды. Мадияр өзінің лайықты деңгейінде өнер көрсетеді, тырысады, команда үшін тартысады. Ол жасөспірімдердің де, жастардың да құрамаларынан өткен. Ұлттық құрамаға да ол тұрақты түрде тартылады деп үміттенеміз. Женядан күтеріміз көп, оның қалай ойнайтынын, қалай гол соғатынын, оның жылдамдығын білеміз. Бірақ ол осының бәрін әлі пайдаланған жоқ.

-Бүкіл чемпионатты бір құраммен өткізу тағы да мүмкін болмады. Үйлесімдерді үнемі қайта құрастыру қиын болған шығар?

-Әрине,  чемпионат барысында құрамды өзгеретін немесе көшбасшылардың бірі бірінші командаға кететін қайта ауыстырулар сәл қиындық әкеледі. Бұл барлық фарм-клубтардың тағдыры шығар. Бірақ біз әрбір жағдайда оңтайлы үйлесім табуға тырыстық, және әрбір ойынға біз жауынгерлік көңіл-күймен шығып отырдық.

- Халықаралық турнирлер "Номадтың" кестедегі   қорытынды жағдайына қаншалықты әсер етті?

- Бұл жағдай бізге ғана әсер етіп қойған жоқ. "Арланды" да алатын болсақ, Құрлықтық кубоктан соң олар сәл шұңқырға түсіп кетті. Халықаралық турнирлерде сен өз эмоцияларыңды ақтарып саласың, қазақстандық жанкүйерлерге жағымды сыйлық жасағың келеді. Мұны біз де тәнімізбен сеземіз. Осындай әрбір турнирден кейін, тіпті біздің Кореяға сапарымызды алып қарасақ та, жігіттерге қалпына келу үшін уақыт қажет болады. "Арлан" командасына қарсы бірінші ойында оларға дәл осы сергектік жетпей қалды.

-Тұрақты чемпионатты бірінші төрттікте аяқтау міндетті болды ма?

-Иә, плей-оффты өз айдынымызда бастау үшін төртікке шығуға тырыстық. Тағы да "Арланмен" болған матчқа оралатын болсақ, бірінші ойында біз жеңіске жеткенде бұған мүмкіндіктер әлі де болды. Екінші орында да аяқтай алар едік. Кореядан соң күшіміз қалмады.

- ҚРАЧ-да ұзақ уақыт ішінде алғаш рет командалардың орындары тұрақты чемпионаттың қорытынды турының нәтижелері бойынша анықталды. Бұл ұлттық біріншілік деңгейінің өскенін білдіреді ме?

- Қазақстан чемпионатының деңгейі жыл сайын артып келеді. Мүмкін, турнир кестесінде бірінші рет осындай тығыздық орын алған шығар, бес команда тұрақты чемпионатта жинаған ұпай бойынша бір біріне өте жақын. Соңғы екі ойынға дейін плей-оффты кім кіммен бастайтыны белгісіз болды.

- Ағымдағы маусымда студенттік құраманың Универсиадада сәтті өнер көрсетуі басым бағыт деп айта аламыз ба?

- Иә, бұл біз үшін маусымның басты мәресі болады деп ойлаймын. Біз алдағы Универсиадада жақсы өнер көрсетуіміз керек. Дайындық аясында екі турнирде жақсы ойнадық. Мұрагерлік Кубогынан кейін құрам шамамен 90 пайызға айқындалды.

- Плей-оффтың басталуына екі күн қалды. Оларды қалай өткізесіздер?

-Біз 14 ақпан күні плей-оффтың алғашқы ойынын өткіземіз, шайқалып отыруға уақыт аз. Астанада бір жаттығу өткізіп, Өскеменге ұшамыз. Ең бастысы-жігіттер қалпына келіп үлгерулері керек және тартысты матчтарға дайындалатын боламыз. Маусым бойынша статистика біздің пайдамызға шешіліп тұрмаса да, қарсыласқа дес бермейміз.

-"Номад" ойыншыларына плей-оффта табысты ойын көрсетуі үшін несін арттыру керек?

- Қазір ең бастысы-бұл психология. Әрбір ойыншы өз ойында әрбір матчқа барынша бейінін бұрып барып, мұзға шыққанда тартысты айқас көрсетуі тиіс. Мұны барлық ойыншыларға жеткізуге тырысамыз.

Бөлісу: