ЮРИЙ МИХАЙЛИС: «ЖЕКЕШЕЛЕНУ ЕМЕС, ЖҰМЫЛҒАН КОМАНДА БОЛДЫ»
30 сәуір

Юрий Михайлис «Номад» ХК бас бапкері:

- Өткен жылы Мәскеуде әлем чемпионаты кезінде семинарда болып,  мынандай бір әңгіме естідім. Ол әңгімені бір рет айтып те бергенмін. Осы жолы тағы бір қайталайын. Біз құралпас швед командасы ел чемпионы атанады. Маусым басында жігіттерге осыны айтып, біз неге соны істемеске дегенмін? Сендер осы лиганы игеріп алдыңдар және үздік нәтиже көрсетуге тиіссіңдер. Жігіттер өздерін жігерлендіріп чемпион атанды. Солардың арқасында, жанкүйерлердің қолдауымен бүгін біз тартысты хоккей сыйладық. Қажетті голдарды соқтық, командамыз да күшті болды.

«Теміртау» - ол да қуатты, табанды, ұйымдасқан команда. Мұндай ұжымға қарсы ойнау оңай емес. Финалда қарсыластар деңгейі бір болды. Бірінші болып гол соққанымен, кездесу соңы біздің пайдамызға аяқталды. Біздің жолымыз болды! 

Шешуші сәт? Мүмкін, жеңіске деген сенімділік алға жетелесе керек. Егер сериядағы алтыншы матчты алатын болсақ, Дмитрий Александрович Крамаркенко командасы жеңіске дайын тұрған болатын. Бірінші кезеңде менің көмекшім Георгий Нодариевич екеуміз қарсылас командамен күресуге психологиялық тұрғыда дайын еместігімізді көрдік. Физикалық тұрғыда әзір болғанымызбен психологиялық жағынан ақсап тұрдық.

Жетінші кездесуге дейін бізде екі күн демалыс болды. Оның үстіне плей-оффтың жартылай финалынан оралған Артемий Лакиза қосылды. Лигада нәтиже көрсетіп жүрген оның командаға тигізген пайдасы зор болды.

Бөлісу: