Виктор Сведберг «Барыс» құрамында қалады
13 мамыр


«Барыс» хоккей клубы қорғаушы Виктор Сведбергпен келісімшартты ұзарту
туралы ресми түрде хабарлайды. Ойыншы 2021 жылдың 30 сәуіріне дейін 2
жылға келісімге қол қойды.
Сведберг өткен маусымның барысында «Барысқа» қосылды. Ол ҚХЛ
тұрақты чемпионатында 25 матчта 9 (3+6) ұпай жинады, оның пайдалылық
көрсеткіші +22. Плей-оффта Сведберг 12 ойында екі нәтижелі шайба берумен
көзге түсті.

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ.

Бөлісу: