Астанада UTLC Ice Cup 2019 өтеді
15 наурыз

9-13 сәуір аралығында «Барыс Аренада» 12 жастан аспаған жасөспірімдер командалары арасындағы UTLC Ice Cup 2019 халықаралық хоккей турнирі өтеді.

UTLC Cup кубогы Еуразиялық құрлықта орналасқан темір жолдар жалғайтын елдерді біріктіретін әлеуметтік жоба ретінде «Объединенная транспортно-логистическая компания – Евразийский железнодорожный альянс» акционерлік қоғамы («ОТЛК ЕРА» АҚ) тарапынан құрылды.

Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы және Қазақстан Республикасының темір жол әкімшіліктерімен құрылған «ОТЛК ЕРА» АҚ Қытай/Оңтүстік-Шығыс Азия – ЕО қатынасындағы және кері бағыттағы темір жол транзиттік контейнерлік сервистерінің операторы болып табылады.

Бұрын UTLC қамқорлығымен футбол турнирлері өткізілді. 2019 жылы ұйымдастырушылар алғаш рет хоккейден жарыс өткізуге шешім қабылдады. Бұл жолы аталмыш турнирді қабылдау құрметі Астанаға бұйырды.

Жарыстың жеңімпаз марапаттары үшін алты команда сайысатын болады, олардың қатарында: «Динамо» Минск, «Локомотив» Ярославль, «Куньлунь Ред Стар» Бейжің, «Слован» Братислава, «СКА» Санкт Петербург және «Барыс» Астана. Көрермендерге арнап естелік сыйлықтар ойнатылатын түрлі конкурстар жоспарланған.

Толығырақ ақпарат турнирдің utlccup.com ресми сайтында келтірілген.

Бөлісу: