Универсиада. Қазақстан - Словакия 0:4
11 наурыз

Красноярсктегі Универсиаданың ширек финалдық матчында Қазақстан құрамасы 0:4 есебімен Словакия командасынан жеңілді. Қазақстандықтардың бөтен қақпаның жақтауына 47 соққы жасағанын, бірақ бірде біреуі нәтижелі болмағанын атап өткен жөн.

Қазақстан – Словакия 0:4 (0:1, 0:2, 0:1)

04:59 – 0:1 – Злоха (Смолка, Бачик) ГБ

30:11 – 0:2 – Выбирал (Касаницки, Злоха) ГБ

35:19 – 0:3 – Шмида (Бачик, Клема)

59:38 – 0:4 – Ржавски (Марцинек) ПВ

Қақпашылар: Кудрявцев (00:00-35:19), Севидов (35:19-60:00) – Томек

Ертең Юрий Михайлистің шәкірттері үшінші орын таласқа түсетін матчта Канада командасымен ойнайды. Басталуы Астана уақытымен 10:00. Кездесуді тікелей эфирде Qazsport телеарнасы көрсетеді.

Бөлісу: