Савченко мен Старченко – «Барыстың» байырғы ойыншылары
26 маусым

ҚХЛ «Барыс» ХК ойыншылары Романа Старченко мен Романа Савченконы лиганың 9 маусымында бір клубта танбай өнер көрсеткені үшін  «Патриоттар Ордені» ойыншыларының тізіміне қосылды. Ондағы тізімдегі ойыншылардың қатары өте аз – ҚХЛ бар-жоғы 11 ойыншы. Олар өздерінің төл командасында  жаңа маусымның шымылдығын қайта түреді.


Жалпы сандық көрсеткіштерге тоқталсақ. Қазіргі таңда ҚХЛ 175 хоккейші өткен тоғыз маусымдағы ойында өнер көрсеткен. Оның 9-ы қақпашы, 59-ы қорғаушы және 107-і шабуылшы. Жоғарыда аталған 11 ойыншы барлық тоғыз мауысымды бір командада өткізген хоккейшілер.  


РОМАН САВЧЕНКО, 28 жас.

Өскенмен тумасы. Савченко спорттық жолын жергілікті «Торпедо» командасынан 2005 жылы бастаған. ҚХЛ «Барыс» алғаш қосылғаннан бастап  өнер көрсетіп келеді. Лигадағы алғашқы ойынын 2008 жылы 24 желтоқсан күні мәскеулік «Динамоға» қарсы өткізіп, сол кездесуде лигадағы нәтижелі ойыншылардың бірі ретінде тіркелді.  Ойын 7:6 есебімен айдын иелерінің жеңісімен аяқталған. Савченко нәтижелі пас шығарып көзге түсті.

2010/11 маусымнан Савчкенко – «Барыстың» негізгі қорғаушысы, чемпионатта тұрақты тұрде 15 ұпайдан артық иеленетін ойыншылар қатарына қосылды. 28 жастағы Савченко Қазақстан құрамасы сапында ойнаған тәжірибесі көп хоккейші. Жасөспірімдер құрамасынан бастап, негізгі құрамада сынға түскен спортшы алты бірдей әлем чемпионатына қатысқан.

 


РОМАН  СТАРЧЕНКО, 31 жас.


Егер ҚХЛ дейінгі ойындарға есеп жүргізілетін болса Старченко астаналық клубтың нағыз ардагері. Шабуылшы «Барыс» сапында 2003 жылдан бастап өнер көрсетеді. Ол кезде команда Қазақстан чемпионатында ойнап жүрген болатын. Сол кездегі төрт  маусымды қоспағанда Старченко өскемендік «Торпедо» құрамынынан  кейінгі барлық спорттық кезеңі «Барыс» командасында өтті. Соңғы кездері командаға капитандық қызмет те атқарды. Старченко Қазақстан құрамасымен бірге 9 әлем чемпионатына қатысты және екі олимпиаданың іріктеу ойындарын өткізді.

Сонымен қатар өз клубының «патриоттар» тізіміне  енгендер:

1. Максим Игнатович, «Сібір»
2. Степан Санников, «Сібір»
3. Владимир Галузин, «Торпедо НН»
4. Алексей Потапов, «Торпедо НН»
5. Вячеслав Литовченко, «Амур»
6. Василий Токранов, «Ак Барс»
7. Гинтс Мейя, «Динамо Рига»
8. Кришьянис Редлихс, «Динамо Рига»
9. Евгений Бирюков, «Металлург МГ»

 

 Осы тізімді қарап отырып, оқырманды тақырыптың қарама-қарсы жағы қызықтыруы мүмкін. Айталық, ҚХЛ клубты жиі ауыстырудан рекорд жасаған хоккейшілер кімдер? Ең бірінші лигада тоғыз маусымды өткергендерден бастасақ.

Бұл жерде де өз көшбасшылары бар. Бұл – «Авангард» шабуылшысы Николай Лемтюгов. Оның еншісінде – 10 клуб. Атап айтқанда:  «Авангардты» айтпағанда «Югра», «Сібір», «Спартак», «Атлант», «Трактор», «Металлург» Мг, «Нефтехимик», «Ак Барс» және «Северсталь». 
Егер де шабуылшы Глеб Клименко беларустың «Неман» командасына ауыспағанда, Лемтюгов қатарына қосылатын еді. Десе де оның 10 клуб ауыстырған деген атағы бар.

Тағы екі адам тоғыз маусымда осыншама клуб өзгертті. Олар - Константин Глазачев(«Спартак») пен Денис Казионов («Металлург» Мг). Михаил Жуков («Торпедо») 10 маусымды 10-шы клубында бастайды.

Алайда олардың қатарында спорттық карьерасымен қош айтысқан, абсолюттік рекорд жасаған ойыншы бар. Ол – қорғаушы Александр Рязанцев. Хоккейші ҚХЛ 7(!) маусымында 11 команда ауыстырып үлгерген.

Бөлісу: