Сергей Старыгин: "Бізде шайқалып отыратын уақыт жоқ"
13 шілде

"Снежные Барсы" бас бапкері Сергей Старыгин жаңа маусымда команда құрамының қалыптасуы туралы айтып, алдағы маусым алдындағы турнирлер туралы ойымен бөлісті.

- Сергей Васильевич, жұмысқа оралғаннан кейін алғашқы күндері немен айналысқаныңыз туралы айтып беріңізші?

- Біріншіден, жігіттер медициналық тексеруден өтіп, нормативтерді тапсырды. Содан кейін негізгі жұмысқа кірісіп кетті. Әдетте алғашқы күндері-бұл жалпы физикалық дайындық. Барлық бағыттарда жұмыс істейміз: мұзда, залда, стадионда. Бұл дәлелденген тәжірибе және жігіттер жақсы жүктеме алды.

- Жігіттер демалыстан қай жағдайда шықты?

- Спортшылардың жағдайы қанағаттанарлық. Әрине, мінсіз емес, қазір біз осы бойынша жұмыс істейміз.

- Құрам қаншалықты жаңартылып, жасарды? "Барыстың" жүйесінен емес хоккейшілер бар ма?

- Қазіргі таңда бізде 36 адам жиыннан өтуде. Бір бөлігі "Снежные Барсы" командасының өткен құрамынан қалған жігіттер. Оларға  "Барыс" БЖСМ 2001 және 2002 жылы туылған балалар қосылды. Сондай-ақ, басқа қазақстандық клубтардан  2000 жылғы төрт жігіт шақырылды. Жаттығу барысында 2003 жылғы кейбір балаларды да қосуды жоспарлап отырмыз. Қазақстандық ойыншылар ғана ойнайтын үрдіс сақталып отыр.

- "Қар Барстарының" қорытынды құрамы Қазақстан жастар құрамасының қызығушылығына қарай қайта қалыптасатын болады деп айтуға бола ма?

- Әрине, солай болады. Тек жастар ғана емес, жасөспірімдер құрамасы да бар.

- Жаттығулар қазір қандай режимде өтіп жатыр? Не нәрсеге баса назар аударып отырсыз?

- Қазір төзімділіктің әр түрлі түрлерін, күш-жігерді даярлап, кейбір техникалық элементтерді пысықтап жатырмыз. Сондай-ақ біртіндеп тактикалық элементтерді енгіземіз. Барлығы стандартты, жаңа ештеңе жоқ. Бізда шайқалып отыратын уақыт жоқ. Шілденің соңында біз Санкт-Петербургте өткен турнирге ұшамыз, содан кейін Новосибирскідегі турнир және маусымның басталуы.

- Неге дәл осы турнирлерді таңдадыңыздар?

- Новосібірдегі турнирге бізді дәстүрлі түрде шақырады, онда біздің аймақтың командалары жиналады. Санкт-Петербургте де өте маңызды турнир болады, онда "Локо" және Ригалық "Динамо"  ойнайды. Сондай-ақ, бізде әрдайым өзімізді Батыс командаларымен ойында тексеріп көруге деген ынта бар.

- Маусымның түпкілікті құрамы қашан құрылады?

- Біз жиын барысында және турнирлерде барлығын қараймыз. Менің ойымша, қатты бас ауыртып ойланбайтын сияқтымыз. Өйткені  "Снежные Барсы" командасының түпкілікті құрамына қосылмайтын жігіттердің өзі әрдайым ойда болады. Қазақстан ЖХЛ және Жастар лигасында өнер көрсететін болады. Сондықтан маусым бойы, егер қандай да бір нюанстар болса,біз оларды қайта қосып аламыз.

Бас серіктес "Барыс" ХК – "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ.

Бөлісу: