Қазақстан құрамасы ашық жаттығу өткізді
16 сәуір

Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионаты қарсаңында БАҚ өкілдерімен кездесті. Біздің команданың жетекшісі Андрей Скабелка турнирге дайындықтың қалай өтіп жатқаны туралы баяндады.

- Алғашқы екі аптада функционалдық дайындыққа баса назар аударылды, - дейді Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Андрей Скабелка. - Негізінен, аз-кем демалған жігіттер жұмыс істеді. Жақын арада шығатын Метальниковтан басқа, қазір барлық команда жинақталды. Клубтық қызығушылықтар бар екені белгілі, бірақ құраманың мүдделері бәрінен жоғары тұруы тиіс. Қазір тактикалық жағынан жұмыс істеуді бастаймыз. Жақын аптада барлығын бір қалыпқа келтіруге тырысамыз.

- Құраманың түпкі құрамы қашан анықталады?

- Екі бақылау матчынан кейін. Олар біз үшін өте маңызды, сондықтан біз оларды жоспарлап қойдық.

- Мартен Сен-Пьердің жағдайына баға берсеңіз.

- Ол тырысып жатыр, кемелкүйге келуде. Тағы екі апта бар, менің ойымша, жағдайы жақсы болмақ.

- Құрамадағы жаңа есімдер туралы айтып берсеңіз.

- Талантты болашағы бар жігіттер, осы себепті олар құрама сапында. Бүгінгі күні оларға әзірге қиын, мұнда жылдамдық та, түсетін күш те басқа. Бірақ олар тырысып жатыр.

– Алда элиталық дивизионға шығу міндеті тұрғанын ескерсек, жас жігіттерді ойынға тарту қорқынышты емес пе?

- Бұл бірінші команда, мұнда жас алшақтығы соншалықты маңызды емес. Мұнда барлығы спортшының осындай деңгейде ойын өткізуге дайын, я дайын еместігіне байланысты.

- Шевченко, Диц, Маклюков құрамадағы дебютке дайындалуда. Олар үшін бұл бірінші тәжірибе болмақ. ҚХЛ чемпионаты мен құрамадағы матчтар – бұл деген екі түрлі деңгей екенін оларға жеткіздіңіз бе?

- Менің ойымша, барлық жігіттер чемпионаттың басталуын ғана күтуде. Мұнда келгендердің барлығы қуана келді.

- Судан басқа, шөлмектерге қымыз қосылады ма?

- Әрине, бұл біздің қуат сусынымыз емес пе. Егер ол тыйым салынған заттар тізіміне енгізілмесе, әрине. Сонысын білу керек.

Бөлісу: