ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МАЗМҰНДЫ АРТТЫРУ
01 маусым

Қазақстан хоккей федерациясының атқарушы комитетінің қорытынды отырысы бойынша ішкі чемпионатқа қазақстандық хоккейшілерді, жалпы жастар жағын тарту жөнінде кезекті қадам жасалды. 2017-2018 маусым регламентіне төмендегі өзгерістер енгізілді:  

- жалпы команда ойыншыларының тізімінде – кемінде 15 Қазақстан Республикасының азаматы болуы керек: айдындағы ойыншы 14 және 1 қақпашы. (бұған дейін -14 (13+1))

- кез келген жеке ойынға 22 хоккейшіден артық апарылмайды: 2 қақпашы және 20 айдындағы ойыншы. Солардың арасында кем дегенде 5 хоккейші  ұлттық құрама сапында ойнау құқы бар, (бұған дейін -4) 1996 жылдың 1 қаңтарына дейін туған ҚР азаматы болуы керек.

- қақпашылар – ҚР азаматы, тұрақты чемпионаттағы ойын уақытының кем дегенде 50% қатысқан болуы керек.

- 1984 жылдың 1 қаңтарына дейін туған шетелдік хоккейшілердің ойынға араласуына тыйым салынады.

- плей-офф матчының үш кезеңінде қарсыластарда тең нәтиже тіркелетін болса, онда қосымша кезең уақыты 20 минутқа дейін созылады. Кездесу, бірінші соғылған шайбаға дейін жалғасады. Овертайм санында шектеу жоқ. (бұған дейін шешуші кездесуден басқа ойынның барлығында буллит сериясы болатын)

- 1 /4 плей-офф-та ойынды 4 жеңіске жеткен команда одан әрі жалғастырады (бұған дейін 3 жеңіске дейін болатын)

- 1 /4 финалының алғашқы екі ойыны қажет болған жағдайда бесінші және алтыншы кездесу де чемпионатта жоғары орын көрсеткен команданың айдынында  өте береді.

- жартылай финалдағы сериялық кездесуде ұтылған екі команда чемпионаттың қола медальін алады (бұған дейін – қола медаль жартылай финалда ұтылған және тұрақты чемпионатта жоғары орында тұрған командаға берілетін)

Бөлісу: