ГИЛЬФАНОВА АМИНАҒА ҚОЛ ҰШЫН БЕРЕЙІК
21 сәуір

Достар! Еске саламыз және шақырамыз!

23 сәуірде (сенбі) сағат 12:00-де «Барыс» ХК аренасында отбасылық спорттық ойын-сауық хоккей мерекесі болады.

КІРУ ТЕГІН

Осы шараның бір бөлігі қайырымдалық аукционға арналған. Қазақстан құрамасы  мен «Торпедо» (Өскемен) командасы арасындағы кездесудің үзілісінде, үшінші қабаттағы холлда ҚХЛ 2015/2016 жж. маусымында өнер көрсеткен «Барыс» хоккейшілерінің қолтаңбасы қойылған свитерлері аукционда саудаланады. Бастапқы бағасы 30. 000 теңгеден басталады.

Аукционнан түскен қаражат жедел лимфобласты лейкоз дертіне шалдыққан жеті жастағы Амина Гильфанованың еміне жұмсалады.

Балақайдың сауығып кетуіне ниеттілер аукционға қатыспай-ақ қол ұшын бере алады.  

QIWI-кошелёк: 8775 290 55 58

СБЕРБАНК: 4263447269716608

ANASTASSIYA GILFANOVA

ИИН: 850807450343

Айта кетейік, сенбілік хоккей мерекесінде ұйымдастырылатын негізгі шаралар:

- Қазақстан құрамасы мен «Торпедо» командасы (Өскемен) арасындағы жолдастық кездесу

- қайырымдылық аукционда 2015/2016 жж. маусымдағы «Барыс» ойыншыларының түпнұсқадағы джерсилері ойнатылады

- Sony PlayStation-да хоккейден турнир

- балаларға арналған көңілді старттар

- үстел хоккейінен турнир

- «Барыс» ойыншылары мен жанкүйерлер командасы арасында мастер-шоу

- сондай-ақ басқа да қызықты тосынсыйлар болады

Хоккей мерекесі жайлыжаңа деректерді біздің сайтымыздан таба аласыздар.

Жаңалық күтіңіздер! Және ақпаратты достарыңызбен бөлісіңіздер!  

Бөлісу: