«Барыс» ХК канадалық шабуылшы Линден Вейдің (Linden Vey) команда сапына өткендігін ресми хабарлады
02 шілде

Өткен маусыда форвард «Калнари Флеймс» (Calgary Flames) және «Стоктон Хит (Stockton Heat)сапында өнер көрсеткен.

Сонымен қатар ол ҰХЛ  аясында «Лос Анджелес Кингс» (LA Kings) және «Ванкувер Кэнакс» (Vancouver Canucks) құрамда ойнаған.

ҰХЛ статистикасы:

Тұрақты чемпонатта: 138 ойын, 14+30.

Плей-офф: 1 ойын – еш ұпайсыз.

Өткен кампания кезінде Вей «Калгари» құрамында 4 ойын өткізді. Есесіне «Стоктон Хит» фарм-клубында екінші бомбардир атанып, 61 ойында 55 ұпай (15+40) жинады.

«Барысқа» жаңа қосылған ойыншы 25 жаста. 2009 жылы ҰХЛ іріктеуінде «Ла Кингс» құрамына жалпы 96 нөмірде таңдалды.

Туған жылы: 17.07.1991

Бойы: 183

Салмағы: 86

Бөлісу: