"Номад"-"Астана" матчтары алдында
24 қаңтар

Айдың қорытынды матчтарын "Номад" 25 және 26 қаңтарда "Астанаға" қарсы өткізеді.

Астаналық ұжым кезекті рет ҚРАЧ плей-оффқа шығуға таласа алмай қалды және қазіргі сәтте турнирлік кестеде соңғы оныншы жолды алып отыр. Андрей Манченконың командасының активінде 46 матчтан бар болғаны 2 жеңіс және 6 ұпай бар. Команданың үздік бомбардирі-есебінде 21 баллы бар (10+11) шабуылшы Мақсат Ибраев.

Өткен турда "астаналықтар" Өскеменде айтарлықтай нәтижелі ойындар көрсетті. "Астана" мұндай матчтардан жеңіспен шыға алмады. Нәтижесінде-"Алтай Торпедо" жеңісі 9:3 және 6:4

"Номад" өзінің 12-матчтық жеңіс сериясынан кейін тегеурінін сәл бәсеңдетіп, соңғы 8 матчтың 5-нен жеңіліс тапты. Өткен турда Юрий Михайлистің командасы Атырауда тіпті ұпай жинай алмады ("Бейбарыстың" жеңістері 2:0 және 2:1). Осыған байланысты "көшпенділер" көшбасшы үштіктен шығып қалды және қазір 84 ұпай жинап бесінші орынды иеленіп отыр. "Номадтың" үздік бомбардирі-қорғаушы Артемий Лакиза (35 ұпай, 3+32).

"Номад" бұл орыннан енді төмендемейді, ал жоғары көтеріліп, өз айдынында плей-оффты бастауға астаналық ұжымның мүмкіндігі жоқ. Команданың тұрақты лиганың қалған матчтарындағы басты мақсаты да осы болатын шығар.

Осы чемпионатта "Номад" және "Астана" әлдеқашан төрт бетпе-бет матч өткізді, төртеуінде де Михайлистің шәкірттері жеңіске жетті. Айта кетерлігі, 4 кездесудің 3 "Астананы" ойсырата жеңумен аяқталды.

Елордалық жарыстар аясында кезекті кездесулер 25 және 26 қаңтарда  "Барыс Аренаның" "Б"  блогында өтеді. Ойынның басталуы 13:00.

Бөлісу: