ҚР АЧ. ½ ақтық ойын. «Арлан» – «Номад» кездесуінің жетінші матчының алдында
30 наурыз

31 наурызда «Арлан» мен «Номад» Көкшетауда жартылай ақтық кездесу сериясындағы шешуші жетінші ойынды өткізеді. Тап осы ойынның нәтижесі бойынша Қазақстан чемпионатының екінші жартылай жеңімпазы анықталып, біріншіліктің алтын медальдары үшін атыраулық «Бейбарыспен» мұз айдынында жолығатын болады.

28 наурызда қарсыластар Қазақстан астанасында алтыншы матч өткізді. Бұл кездесуде Юрий Михайлистің шәкірттері қарсыластарынан басым түсті, есеп 3:1. «Номад» құрамында бір шепте өнер көрсететін ойыншылар Никита Михайлис, Ярослав Евдокимов және Дмитрий Гренц шайбаның авторы атанды. Бұған дейін үш матчқа қатыспаған қақпашы Дмитрий Мальгин 30 соққыны қайтарды. Жеңілген команданың тарапынан голды Дмитрий Шитиков өз есебіне жазды.

Осы сериядағы 6 кездесудің 5-і негізгі уақытта аяқталғанын атап өту керек. Тек бір ойында ғана жеңімпаз овертаймда анықталған болатын.

Матч 31 наурыз күні сағат 17: 00-де басталады.

Бөлісу: