ҚР АЧ. ½ ақтық ойын. «Арлан» – «Номад» матчының алдында
24 наурыз

25 наурызда Көкшетауда «Арлан» мен «Номад» арасындағы Қазақстан чемпионатының жартылай ақтық ойындар сериясының бесінші кездесуі өтеді. Қарсыластардың арасындағы есеп тең, 2-2.

Бұл серияда командалар өз алаңында ғана жеңіп келеді. Бұған қоса, төрт матчтың үшеуі аз нәтижелі болды. Күтпеген сценарий бойынша өткен төртінші кездесуде ғана көрермендер қақпаға кірген жеті шайбаны көрді.

Ағымдағы плей-оффтың алғашқы матчтарын «көшпенділер» қақпашысы Владимир Крамарь өткізді. Жеңісті екі ойында ол 71 шайбаны қайтарды.

«Арландық» Дмитрий Шитиков (2+2) және «Номадтық» Валерий Гурин (3+1) осы сериядағы үздік сұрмергендер атанды. Бұл ретте астаналық ұжымның шабуылшысы жартылай ақтық кездесуде үш шайба кіргізген жалғыз хоккейші болып саналады. Көкшетаулықтар Шитиковтың, сондай-ақ Евгений Гасников пен Сергей Демагиннің есебінде екі шайбадан бар.

«Бейбарыс» пен «Құлагер» арасындағы жартылай ақтық серияда атыраулық ұжым 3-1 есебімен алда келеді.

Бөлісу: