ҚРАЧ. ½ Финал. "Арлан" – "Номад" матчының алдында
15 наурыз

Красноярск қаласында Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың өтуіне байланысты ұзақ үзілістен кейін Қазақстан чемпионатының плей-офф кезеңі қайта басталады. 17 наурыз күні Атырау мен Көкшетауда жартылай финал сериясының алғашқы матчтары өтеді.

Финалға жолдама алу үшін астаналық "Номад" командасы ел чемпионы әрі Көкшетау қаласының "Арлан" құрлықтық кубогі иегерімен ойнайды.

Владимир Капуловскийдің шәкірттері тұрақты чемпионатты турнирлік кестеде екінші орында аяқтады. Сонымен қатар,  "Алтай Торпедо" командасымен бірге "Арлан" командасы да тегіс біріншіліктің ең нәтижелі командасы болды (171 лақтырылған шайба).

Плей-оффтың бірінші раундында "Синегорцы" командасы "Алматы" ХК-мен алты матч өткізді. Сериядағы 2-2 есеп кезінде оңтүстік астананың ұжымы сенсация жасай алатындай көрінгенімен, шешуші жекпе-жектегі жеңіс аса тәжірибелі "қасқырларда" қалды. Қорытындысында сериядағы есеп 4-2 болды, әрі көкшетаулықтар кезекті рет ұлттық біріншіліктің үздік төрт ұжымының қатарына кірді.

"Арланның" плей-офф кезеңіндегі үздік бомбардирі – шабуылшы Александр Нестеров. Оның есебінде алты матчта 6 (2+4) ұпайдан.

"Номад" (тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша бесінші орыда және лигада ең аз шайба өткізді) жартылай финалға апарар ойында 2018 жылғы Қазақстан Кубогының иегері "Алтай Торпедо" командасынан басым түсті. Серия "Көшпенділер" пайдасына 3-1 есебімен аяқталды, олар ширек финалда қысқарға құрамда ойнады.

Елордалық команданың ¼ финалдағы ең нәтижелі ойыншылары Кирилл Савицкий (2+2) және Кирилл Шмурыгин (1+3) болды.

Осы командалар арасындағы маусымдық серияда алты матчта төрт жеңіске жеткен көкшетаулық команда алда келеді, бұл ретте осы матчтардың екеуінде Юрий Михайлистің шәкірттері мұз алаңынан бір де бір лақтырылған шайбасыз кеткен болатын.

Жартылай финал сериясының алғашқы жекпе-жегі 17 және 18 наурызда Көкшетауда өтеді. Астанада командалар 21 және 22 наурызда ойнайды.

Финалға екінші жолдаманы атыраулық "Бейбарыс" пен петропавлдық "Құлагер" командалары сарапқа салады.

Бөлісу: