ҚР АЧ. Ақтық ойын. «Бейбарыс» – «Номад» матчтары алдында
03 сәуір

3 сәуірде ақтық серия басталады, оның қорытындысы бойынша хоккейден Қазақстан чемпионы анықталатын болады. Алтын медальдарды атыраулық «Бейбарыс» пен астаналық «Номад» командалары сарапқа салады.

Владимир Клинганың шәкірттері плей-оффтың бірінші және екінші раундтарынан әдеуір сенімді өтті. ¼ ақтық кездесуде атыраулықтар саны бойынша ең аз матчтарда «Теміртау» командасын демалысқа жіберді. Жартылайақтық кездесуге өту үшін петропавлдық «Құлагер» командасы «мәмлүктерге» қарсы бес ойын өткізуге мәжбүр болды.

«Бейбарыс» плей-офф кезеңінің тоғыз ойынында 29 шайба соқты (бір ойында қарсыластардың қақпасы орташа алғанда 3,22 рет алынды). Атыраулық ұжым көпшілік құрамда 8 рет көзге түсті. Екі ойында «мәмлүктер» өз қақпаларына шайба жібермеген болатын.

Плей-оффтағы үздік сұрмерген шабуылшы – Антон Некряч. Ол 9 кездесуде  11 (5+6) ұпай жинады.

«Номад» бірінші раундта 2018 жылғы Қазақстан Кубогының иегері «Алтай Торпедомен» кездесті. Үш жеңіске дейінгі қысқа серияда «көшпенділер» 3-1 есебімен қарсыластарынан басым түсті. Жартылайақтық ойында Юрий Михайлистің шәкірттері республиканың қазіргі чемпионы және Құрлықтық Кубоктың иегері «Арлан» командасымен кездесті. Бұл кездесудің жеңімпазы тек жетінші ойында ғана анықталды.

Плей-оффтың 11 ойынында «Номад» 27 нәтижелі шабуыл ұйымдастырды (бір матчта орташа есептегенде 2,45 шайба), оның төртеуі көпшілік құрамда орындалды. Матчтың бірі «көшпенділер» үшін шайбасыз аяқталды.

Шабуылшылар Ярослав Евдокимов (7 матч) және Валерий Гурин (11 матч) плей-оффта 7 (5+2) ұпай жинады.

«Бейбарыс» пен «Номад» арасындағы маусымдық ойындарда алты кездесуде төрт рет жеңіске жеткен Батыс Қазақстандық ұжым алда келеді.

Өткен маусымда командалар жартылайақтық ойында кездескендерін айта кеткен жөн. Сол кезде ақтық ойынға астаналық ұжым шықты, бірақ бұл кездесудің жеңімпазы жетінші ойында ғана анықталған болатын.

2018-2019 жж.маусымның соңғы сериясының бірінші матчтары Атырау қаласында 3 және 4 сәуірде өтеді.

Бөлісу: