ҚР АЧ. ½ ақтық ойын. "Номад" - "Арлан" - 4:3
22 наурыз

«Номад» пен «Арлан» арасындағы 1/2 ақтық кездесу сериясының төртінші матчында астаналық ұжым үшінші кезеңнің соңғы секундтарында жеңісті тартып алды.

Алғашқы кезең қонақтардың пайдасына болды, олар Евгений Гасников пен Дмитрий Шитиковтың нәтижелі соққылары арқасында азшылық құрамда өздеріне ыңғайлы жағдай жасады. Алайда екінші кезең ойын барысын өзгертті. «Номад» жылдамдықты қосып, есепті теңестіріп қана қоймай, алға шықты. Дөп тиген шайбаның авторлары Илья Ковзалов, Валерий Гурин және Ярослав Евдокимов атанды.

Кездесудің қорытынды үшінші бөлігінде керісінше, көкшетаулықтар белсендірек болды. Сиренаға үш жарым минут қалғанда Сергей Демагин таблодағы есепті теңестірді. Бірақ ойын қорытындысын «көшпенділер» түйіндеді. Дмитрий Гренц ақтық сиренаға жеті секунд қалғанда өз командасына жеңіс әкелді.

Осылайша, осы сериядағы төрт жеңіске дейін жалғасатын ойын тең түсті, есеп 2-2. Серияның бесінші жекпе-жегі 25 наурызда Көкшетауда өтеді. 28 наурызда командалар Астанада алтыншы матч өткізеді.

"Номад" Астана - "Арлан" Кокшетау 4:3 (0:2, 3:0, 1:1)

13:29 – 0:1 – Гасников (Селезнёв)

18:39 – 0:2 – Шитиков (Бердников) ГМ

24:21 – 1:2 – Ковзалов

29:03 – 2:2 – Гурин (Яковлев, Королинский) ГБ

33:38 – 3:2 – Евдокимов (Долгушев)

56:25 – 3:3 – Демагин (Малевич, Шитиков)

59:53 – 4:3 – Гренц (Королинский, Гурин)

Қақпашылар: Крамарь - Полошков

Қақпаға лақтыру: 30 – 41 (9-12, 13-15, 8-14)

Айыппұл: 4 – 6 (2-2, 2-4, 0-0)

Серия нәтижесі бойынша есеп: 2-2

Владимир Капуловский, «Арлан» ХК бас жаттықтырушысы

- Плей-офф ойындарын күнібұрын болжауға келмейді. Менің ойымша, біз іс жүзінде жеңілдік. «Номад» командасын екі жақсы жеңісімен құттықтаймын. Ойынды жаңадан бастау керек.

- Осы серияда ойын алаңының артықшылығы кездесудің нәтижесіне әсер ете алады деп ойлайсыз ба?

- Мұзға шығып, еш нәрсеге назар аудармау керек. Қай жақтың алаңы болсын, айырмашылығы жоқ.

Георгий Верещагин, «Номад» ХК жаттықтырушысы

- Екі жақсы ойын өткіздік. Бәлкім, жігерліктің арқасында жеңіске жеткен шығармыз. Біз жігіттерімізге ойымызды жеткізе алдық. Ойын тәртібі әу бастан көрінген. Бірақ бүгінгі матчтың басы біз үшін тағы да ойдағыдай болмады. Қайта сап түзеп, құрамдарды өзгерттік, екінші кезеңді тамаша ойнадық. Өкінішке орай, ойын есебі біздің пайдамызға әзірге шешілген жоқ. Бүгін көпшілік құрамда гол соғылғанға қуаныштымыз, бірақ тең емес құрамда өткен ойын көңіл көншітпейді Екі ойынды жеңіп, ілгері жылжимыз, ең бастысы осы.

- «Арлан» мен «Номад» хоккейді дәстүрлі түрде шабуылдау үлгісінде ойнады. Сериядағы үш матчтың нәтижесі неліктен шамалы болды?

- Қазір барлық командалар ойынды қорғаныста тығыз өткізуге тырысады. Бұған қоса, бұл плей-офф, қателесуге мүлде болмайды.

Бөлісу: