ҚР АЧ. ½ ақтық ойын. "Номад" - "Арлан" - 2:1 ОТ
21 наурыз

«Номад» пен «Арлан» арасындағы 1/2 ақтық кездесу сериясының үшінші матчында Юрий Михайлистің шәкірттері овертаймда 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Есеп кездесудің жетінші минутында ашылды. 4-5 форматтағы ойын кезінде Артур Гатиятов «Арлан» қақпашысы Иван Полошковтан амалын әдемі асырып ілгері ұмтылды. Ойынның екінші бөлігі «Номадтың» әсіре басымдығымен өтті, бірақ таблодағы есеп екінші үзіліске дейін өзгерген жоқ.

«Арлан» үшінші кезеңнің аяқталуына дейін бес минут қалғанда ғана есеп айырмасын қысқартты. Көпшілік құрамда ойнаған Владислав Колесниковтың дәл соққысы ойынды овертаймға қалдырды. Ал қосымша бес минутта Валерий Гурин «Номадтың» осы сериядағы бірінші жеңісіне қол жеткізді.

Серияның төртінші жекпе-жегі ертең Астанада өтеді. Басталуы сағат 13: 00-де.

"Номад" Астана - "Арлан" Кокшетау 2:1 (1:0, 0:0, 0:1, 1:0)

06:39 – 1:0 – Гатиятов

54:15 – 1:1 – Колесников (Савенков, Казанцев) ГБ

66:55 – 2:1 – Гурин

Қақпашылар: Крамарь - Полошков

Қақпаға лақтыру: 41 – 34 (14-12, 16-9, 7-9, 4-4)

Айыппұл: 8 – 6 (4-4, 0-0, 4-2, 0-0)

Серия нәтижесі бойынша есеп: 2-1, «Арлан» командасының пайдасына

Матчтың фотосуреттерін біздің сайттағы альбомнан көруге болады.

Бөлісу: