ҚРАЧ. ½ Финал. "Арлан" - "Номад" - 2:0
17 наурыз

«Арлан» мен «Номад» арасындағы 1/2 ақтық ойынның бірінші матчында көкшетаулықтар 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Бастапқы кезең қарқынды екпінмен өтті. Командалар үшін бірнеше тамаша сәттер болған, алайда көрермендер бір ғана шайбаның куәсі болды. Үзіліске сәл уақыт қалғанда Егений Гасников ұрымтал позициядан есеп ашты.

Ұзақ уақыт бойы есеп өзгеріссіз қалды. Тек соңғы сиренаға 28 секунд қалғанда Александр Нестеров «көшпенділердің» бос қақпасына шайба енгізіп, соңғы есепке нүкте қойды. 2:0 – «Арланның» жартылай ақтық сериядағы төрт жеңіске дейінгі алғашқы жеңісі.

Екінші матч ертең Көкшетауда өтеді. Басталуы сағат 19:00 -де.

"Арлан" Кокшетау - "Номад" Астана  2:0 (1:0, 0:0, 1:0)

19:41 – 1:0 – Гасников (Нестеров, Ермолаев)

59:32 – 2:0 – Нестеров ПВ

Қақпашылар: Полошков – Мальгин

Қақпаға лақтыру: 24 – 26 (8-10, 9-10, 7-6)

Айыппұл: 4 – 4 (0-0, 0-0, 4-4)

Фото - Сергей Серёдкин («Арлан» ХК баспасөз қызметі)

Бөлісу: