«Барыс» сапына Даррен Дитц жаңадан қосылды
01 шілде

 

«Барыс» ХК канадалық қорғаушы Даррен Дитцтің (Darren Dietz) қосылғандығын ресми хабарлады.

«Барысқа» жаңа қосылған ойыншының жасы 23-те. 2001 жылы ҰХЛ аясында жалпы 138-ші нөмірде «Монреал» сапына  таңдалған.

Туған жылы: 17.07.1993

Бойы: 185

Салмағы: 93  

Өткен маусымда оңқай ойыншы АХЛ аясында «Херши Бирс» (Hershey Bears) және «Тексас Старс» (Texas Stars) сапында өнер көрсеткен. Статистикасы: 52 ойында, 6+8, +1, айып көлемі 61 минут.

ҰХЛ аясында Дитц 2015/16 маусымда «Монреаль Канадиенс» сапында 13 ойын өткізіп, 1 шайба және 4 нәтижелі пас шығарып көзге түскен

Бөлісу: