ЖЕҢІЛІС КӨРМЕЙТІН БАРСЫ!
08 қараша

Маусым басталғалы бері жасөспірімдер арасындағы Ресей біріншілігіне қатысып жүрген БЖСМ «Барыс» ХК командасы, «Сібір-Қиыр Шығыс» дивизионынан «Орал-Батыс-Сібірге» ауысты.

Сергей Старыгин жаттықтыратын «Барыс-2001» командасы чемпионатта 12 кездесу өткізіп үлгерген. Барлық қарсыластарын тізе бүктірген команда, айдын алаңынан жеңіліспен қайтып көрген емес. Қазіргі уақытта астаналық команда турнирлік кестенің бірінші сатысында тұр.

«Барыс-2001» ХК ойын нәтижелері:

СДЮСАШОР А.В. Кожевникова (Омбы) – «Барыс-2001» - 0:6 /  1:7

«Барыс-2001» - «Мечел» (Челябинск) – 5:1 / 9:2

«Октан» (Пермь) – «Барыс-2001» - 1:15 / 0:16

«Барыс-2001» - «Спутник» (Нижний Тагил) – 3:0 / 6:0

«Юрматы-СКА» (Салават) – «Барыс-2001» - 0:2 / 0:11

«Олимпиец» (Сургут) – «Барыс-2001» - 1:10 / 0:7

Қазіргі уақытта командалар турнирлік кесте былай жайғасқан:

Рамазан Қайдаров жаттықтыратын «Барыс-2002» өз құралпастар тобында сенімді келеді. Турнирлік кестеде тооп бастаған команда қарсыластарынан оқ бойы озық тұр. Сегіз ойын өткізген жігіттер жетеуінде жеңіске жеткен. Тек біреуінде ғана булит сериясында жол берген.

 «Барыс-2002» ХК ойын нәтижелері:

«Барыс-2002» - «Астана-2002» - 5:0 / 3:1

«Спутник» (Нижний Тагил) – «Барыс-2002» - 6:5 Б / 1:2

«Барыс-2002» - «Горняк» (Сибай) – 12:2 / 6:1

«Барыс-2002» - «Спутник» (Нижний Тагил) – 5:0 / 5:2

Бөлісу: