НАЙДЖЕЛ ДОУС: «ТРАКТОРҒА ТӨТЕП БЕРУГЕ ДАЙЫНДАЛАМЫЗ»
28 ақпан

«Барыс» шабуылшысы және капитаны Найджел Доус өз айдынында челябинск «Тракторынан» жеңіліс тапқаннан кейін,  командаға көңілі толмайтындығын жеткізді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Мен буллит соққым келген. Бірақ болмады. Алайда толық құрамда ойнаған кезде осы олқылықтың орынын толтыруға мүмкіндік пайда болды. Қалай дегенмен де мұның барлығы маңызды болмай қалды. Өйткені біз осы ойында жеңіліс таптық. Біз жақсы ойнадық теп айта алмаймын. Бұдан да жақсы ойнауға болар еді. Алғашқы кездесу қосымша кезеңге дейін  жетті. Онда біз мүмкіндігімізді пайдалана алмадық. Бірақ та біз сериялық кездесудің ұзаққа созылатынын білдік. Енді сырт айдында «Тракторға» төтеп беруге дайындаламыз. Ол жақта жеңіске жетсек, өз айдынымызда болатын келесі кездесуде бізде басымдық болады.

Дереккөз: Vesti.kz

Бөлісу: