ҚЖЛ "Жастар". "Юность" – "Барыс" матчтарының алдында
04 наурыз

Ұзақ үзілістен соң «Барыс» командасы «Жастар» лигасында ойын көрсетуін жалғастырады.

Астаналық ұжымның кезекті қарсыласы «Юность» командасы болады. Матчтар 5 және 6 наурызда Қарағандыда өтеді.

Шахтерлер астанасының ұжымы ағымдағы чемпионатта бар болғаны алты жеңіске қол жеткізді және тиісінше турнирлік кестенің соңғы орнына жайғасқан. «Юность» командасының активінде 28 ойыннан соң 19 балл бар, дегенмен бұл команданың қорында қазіргі жағдайын түзету үшін әлі бірнеше матчтар бар екенін атап өткен жөн.

Өткен турда «Юность» әлдеқашан чемпион болған «Ақтөбеден» екі рет күйрей жеңілді (1:10 және 1:13). Денис Чапоров (18+12 ұпай) және Илья Потырко (12+18 ұпай) команданың ең нәтижелі ойыншылары болып табылады.

 «Барыс» өткен турда өз айдынында екі рет медальдар үшін айқастағы қарсыластарының бірі «Арланды» екі рет ұтты (9:2 және 3:0). Қазір Владимир Завьяловтың шәкірттері турнирлік кестенің үшінші орнында жайғасып отыр, Қарағандыда сәтті ойын көрсетсе, жас «Барыстар» екінші орынға қайта орала алады.  Команданың ең үздік бомбардирі-шабуылшы Адам Евлоев, оның есебінде 49 (28+21) балл бар.

«Барыс» пен «Юность» командасының өткен екі матчтық айқасы астаналық команданың екі сенімді жеңісімен аяқталды (10:0 және 12:1).

Матчтың басталуы 5 наурызда 14:00.

Матчтың басталуы 6 наурызда 15:00.

Бөлісу: