"Жастар" ҚЖЛ . "Барыс" – "Астана" 10:3
25 қаңтар

"Барыс" пен "Астана" жастар командаларының екінші матчында Владимир Завьяловтың командасы "астаналық" қарсыластарына ұтуға еш мүмкіндік бермеді.

"Барыс" Астана – МХК "Астана" 10:3 (2:2, 4:1, 4:0)

01:32 – 1:0 – Беляев (Дурницын, Джумагулов)

06:51 – 1:1 – Карпасов (Аманжолов, Ахметчин)

09:30 – 2:1 – Диханбек (Войтов) ГБ

16:22 – 2:2 – Демирделен (Адильжанов) ГБ

27:13 – 3:2 – Шляйгер (Денисов, Залевский)

28:15 – 4:2 – Ракишев (Беляев, Диханбек) ГБ

30:06 – 4:3 – Вильчинский (Аманжолов, Карпасов) ГБ

34:09 – 5:3 – Залевский (Ищенко)

36:36 – 6:3 – Ищенко (Омирбеков) ГМ

55:34 – 7:3 – Ракишев (Евлоев, Джумагулов)

56:31 – 8:3 – Омирбеков (Диханбек, Ищенко)

58:33 – 9:3 – Кизекпаев (Залевский)

59:13 – 10:3 – Диханбек (Войтов) ГБ

Қақпашылар: Калмыков – Базарбеков (00:00-40:00), Амирбеков (40:00-60:00)

Қақпаға лақтыру: 40 – 28 (10-10, 16-11, 14-7)

Айыппұл: 26 – 24 (6-2, 20-18, 0-4)

Андрей Залипятских, "Астана" ЖХК бас жаттықтырушысы

- Осы екі матчтың басым бөлігін біз азшылықта жіберіп алдық. Бізде алаңнан алыстатулар көп, ал біз әлі де азшылықта жақсы ойнай алмай жүрміз. Сондықтан нәтиже осындай.

- Бүгін қақтығыс көп болып, матч шайқаспен өтті. Неліктен?

– Балалармен әңгімелестік, хоккей – қатаң ойын екенін айтып түсіндірдік. Қарсыластарға жекпе-жек айқасты мәжбүрлеу керек,  сырғанамай, ойнау керек. Ойынның әр сәтінде әр шайба үшін шайқасу қажет. Сонда ғана қандай да бір нәтиже күтуге болады.

- Екі матчтың да үшінші кезеңі сіздер үшін сәтті болмады, көп шайба жіберіп алдыңыздар. "Физика" жетіспей ме?

- Мәселе мынада, біз Ресейде ойнамаймыз. Бізде маусым ішінде матчтар саны өте аз. Ресейде қарсыластар екі турнирде де ойнайды, ұдайы ойын тонусында жүреді. Бізге, керісінше, осындай ойын тәжірибесі жетіспейді.

Владимир Завьялов, "Барыс" ХК бас жаттықтырушысы

- Матчтар "Астанамен" қиын кездесуден басталатыны дәстүрге айналды. Балалар бір-бірін біледі, ойынға соңғы айқастай қарайды. Сондықтан нәтижеге жету үшін мейлінше көп күш салу керек. Біз "Астана" үшін жақсы қоздырғыш сыңайлымыз, біз үшін "Астана" да солай. Негізгі матчтар өтуде, сондықтан да басы шым-шытырық, шиеленісті болып жатыр, қарсыластар бар күш-жігерін салуда. Біздің балалар да тырысуда, бірақ біз кейбір сәттерді ұтымды пайдана алмай жатырмыз. Қадала, жігермен ойнаған кезде гол да болады.

Бөлісу: